KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«КазТрансОйл» АҚ мұнай айдау стансаларында реактивті қуаттылығының орнын басу қондырғыларын пайдалануды енгізіп отыр

 24.12.2014    430
«ҚазТрансОйл» АҚ «Бейнеу» (Маңғыстау облысы), «Қаратон» (Атырау облысы) және «Прорва» (Атырау облысы) мұнай айдау стансаларында реактивті қуаттылығының орнын басу қондырғыларын пайдалануды енгізілуін аяқтап отыр. Берілген қондырғылар Қазақстан Республикасының «Энергияны үнемдеу және энергиялық нәтижелілік туралы» Заңы мен Қазақстан Репсубликасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1765 «Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуаттылық коэффициентінің нормативтік мағыналарын бекіту туралы» жарғысына сәйкес орнатылып отыр. Реактивті қуаттылығының орнын басу қондырғылары автоматты тәртіпте қуаттылық коэфициентінің түзетімін қамтамасыз етіп, оның дәрежесін cos ϕ=0,99-1-ге дейін арттыруда. Осындай шаралар электр желілердегі кернеуді тұрақтандырып, белсенді энергияның жоғалуына тосқауыл болып отыр, бұл қазіргі таңда энергиялық нәтижелілік пен энергияны үгнмдеудегі басты бағыты болып табылады. 2013 жылы ұқсас қондырғылар «Үлкен Шаған» (Батыс Қазақстан облысы), «Қаламақас» (Маңғыстау облысы) мұнай айдау стансаларында және «Павлодар» бас мұнай айдау стансасында орнатылған болатын. «ҚазТрансОйл» АҚ 2013-2016 жылдарға көзделген шығындарды басқару бағдарламасына сәйкес компания 2016 жылдың аяғына қарай энергияны көп қажет ететін қамтуды өндірістік объектілерін қамтуды жопарлап отыр. Анықтама: «ҚазТрансОйл» – «ҚазМунайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания 5,5 мың шақырымға созылған мұнай құбырлары мен 2,1 мың шақырымнан аса созылған су ағызғылар желілерін басқара отырып, 8 мыңдай адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандар Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер