KZTO 958,50 (+3,85)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 958,50 (+3,85)

«ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ААҚ 2026 жылға арналған қазақстандық мұнайды тасымалдау туралы шартқа қол қойды

 18.12.2025    23

Бүгін Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ААҚ делегацияларының жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, 2026 жылға арналған Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзиттік режимде тасымалдау бойынша қызметтер көрсету туралы шартқа қол қойды.

«ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ААҚ мұнай тасымалдау саласындағы сенімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген көпжылдық әріптестік қатынастарды байланыстырады. Компаниялардың бірлескен жұмысы қазақстандық мұнайдың Ресей Федерациясының аумағы арқылы Новороссийск және Усть-Луга теңіз порттары бағытында, сондай-ақ Еуропалық Одақ елдеріне одан әрі тасымалдау үшін Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының шекарасына қарай экспортын, сондай-ақ Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, ынтымақтастық Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу мәселелерін қамтиды.






Серiктестер