KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Димаш Досанов Жезқазған мұнай құбыры басқармасының ұжымымен кездесті

 04.06.2020    926
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов Жезқазған мұнай құбырының өндірістік объектілерінде болып, бөлімшенің ұжымымен кездесті.

ЖМҚБ негізгі міндеті «Павлодар-Шымкент» және «Кұмкөл-Қарақойын» магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылады. Басқармаға қарасты магистральдық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 961,7 км құрайды.

Өндірістік қызметтің нәтижелері туралы компания басшылығына есеп берген Жезқазған мұнай құбыры басқармасының бастығы Асылбек Бешимов елде өтіп жатқан ТЖ режиміне қарамастан, барлық қажет жұмыстар кесте бойынша жүргізілгенін атап өтті.

Мұнай айдау станцияларының және мұнай құбыры учаскелерінің сенімді пайдалануын қамтамасыз ету үшін «Құмкөл» БМАС-та шарлық крандар ауыстырылды, әрі қарай тексеру үшін резервуарларды түптік шөгінділерден тазалау жұмыстары орындалды, ақаулар жөнделді. Б. Жұмағалиев атындағы БМАС - «Шолақ-Қорған» БМАС учаскесінде мұнай қыздыру пештерін қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өз кезегінде «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов басқарма ұжымына тиімді жұмысы үшін алғыс айтты.

«Коронавирус пандемиясына қарамастан, барлықтарыңыз отбасын тастап, жұмыс орнында болдыңыздар, вахтада үздіксіз мұнай тасымалдауды қамтамасыз еттіңіздер. Осындай жайсыз уақытта Қазақстанның мұнай-газ саласына, ел экономикасына жасаған еңбектеріңіз, қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамын», - деді компания басшысы.

Сол күні ЖМҚБ жұмыскерлері өздерінің қауіпсіз еңбек және жұмыскерлердің денсаулығын қамтамасыз ету саласындағы әзірлемелерін көрсетті. Атап айтқанда, жезқазғандық мұнай құбыршылар түйіспесіз санитайзер мен бөлме ауасын дезинфекциялауға арналған кварц шамын ойлап тапты. Әзірлеушілердің ақпараты бойынша ультракүлгін сәулесі антисептикалық құралдарға қарағанда адамға неғұрлым зиянсыз болып келеді.

Димаш Досанов жұмыскерлердің тапқырлығын бағалап, олардың қазіргі жағдайда маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті және түйіспесіз санитайзерлерді ҚазТрансОйл компаниялары тобының барлық кәсіпорындарында орнатуды ұсынды. Сөзінің соңында әріптестерін өндірісте және тұрмыста қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырды.
Анықтама:

Жезқазған мұнай құбыры басқармасы «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-дан (ҚҚҚ) және құмкөлдік кен орындарының мұнай жөнелтушілерінен мұнай қабылдайды және «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдауды жүзеге асырады.

Магистральдық мұнай құбырының учаскелері Қарағанды облысы Ұлытау ауданының және Түркістан облысының Созақ ауданының аумақтарында орналасқан. ЖМҚБ магистральдық мұнайқұбырларының жалпы ұзындығы 961,757 км құрайды.

Басқарма құрамына «Құмкөл» БМАС, Б. Жұмағалиев атындағы БМАС, «Барсеңгір» МАС, «Ақшабұлақ» ҚТП, Өндірістік қызмет көрсету базасы, ТКжАТЦ, АБЖ учаскесі, АЖҚ учаскесі мен ЭХҚжӘЖ ЖжҚ учаскесі. Персонал саны 434 адам құрайды, олардың 161-і инженерлік-техникалық жұмыскер, 273-і – жұмысшы.

«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу.


«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер