KZTO 869,50 (+1,34)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 869,50 (+1,34)

Еліміздің әр аймағында мұнайқұбыршылар 162 ағаш отырғызды

 18.10.2025    17

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері сенбілікке қатысып, Астанада 100 ағаш отырғызды. Көгалдандыру акциясы №33 орта мектептің қарсысындағы Үркер тұрғын алабында өтті.

Ағаш отырғызуға шамамен 200 қызметкер қатысты. Оларға бизнес қолдау басқармасы тарапынан көшеттер, жұмыс құралдары мен қолғаптар алдын ала дайындалған болатын.

Компания аппараты қызметкерлерінің жаппай ағаш отырғызуға қатысуы қалалық аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға, мектеп маңының эстетикалық тартымдылығын арттыруға және оқушыларға қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен астананы көркейтуге үлгі көрсетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жезқазған мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері басқарма аумағында 10 шырша отырғызды. Акция «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның көгалдандыру жөніндегі ауқымды науқаны аясында өтті. Іс-шараға 18 мұнайқұбыршы қатысты. Аумақты абаттандыру мен оның эстетикалық келбетін арттыру тұрақты даму мен экологиялық жауапкершіліктің өсуіне ықпал етеді.

2025 жылғы 10 қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының аппараты да «Таза Қазақстан» қозғалысына қосылып, Өмірзақ ауылының орта мектебі аумағында 30 алма көшетін отырғызды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты – тек көгалдандыру емес, сондай-ақ өскелең ұрпаққа табиғатқа ұқыпты қарау сезімін қалыптастыру. Қатысушылар өз үлгісімен оқушыларға экологиялық жауапкершіліктің және қоршаған ортаға қамқорлықтың маңызын көрсетуді көздеді.

Жалпыұлттық экология акциясына Шымкент мұнай құбыры басқармасының ұжымы да белсене атсалысты. 18 қазан күні өткен сенбілікте «Шымкент» бас мұнай айдау станциясының аумағына қызметкерлер 22 түп көшет (өрік, шие, үйеңкі) отырғызды.

Мақсаты – аумақты көгалдандыру арқылы экологиялық мәдениетті дамыту, еңбек ұжымында табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыру және өңірдің экожүйесіне үлес қосу. Отырғызылған көшеттер болашақта станцияның айналасын көркейтіп, көлеңкелі және жайлы орта қалыптастыруға сеп болады. Шара барысында ұжым мүшелері бірлесіп еңбек етіп, табиғатты қорғаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.




Реакция:
Серiктестер