KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Астрахань-Маңғышлақ» суағызғының жұмысын қалпына келтіреді

 11.09.2020    700
Атырау облысының Жылыой ауданында 2020 жылғы 10 қыркүйекте «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғы құбырында саңылау пайда болды («Магистральдық Суағызғы» ЖШС-на тиесілі). Апатқа байланысты суағызғының жұмысы тоқтатылды.

Қазіргі уақытта суағызғыға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізетін «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлерін тарта отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында авариялық-қалпына келтіру жұмыстары бойынша 22 маман жұмыс істейді. 14 бірлік арнайы техника тартылды.
«Қиғаш – Құлсары» учаскесінде төмен су тұтыну режимінде сумен жабдықтау жүзеге асырылады.

«Магистральдық Суағызғы» ЖШС «ҚазТрансОйл«АҚ компаниялар тобына кіреді. Магистральдық суағызғыны және оған іргелес жалпы ұзындығы 1945,1 км су тарату желілерін басқарады. Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарын сумен қамтамасыз етеді, сондай-ақ Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас және Теңіз мұнай кен орындарына су жеткізеді.
Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс
және 
ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер