KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Қарағанды облысындағы жолды жөндеуге «ҚазТрансОйл» АҚ 65 млн теңге бөлді

 25.09.2020    956

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Атасу кентінен бастап Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Мұқажан Жұмажанов атындағы ауыл арқылы «Атасу» бас мұнай айдау станциясына дейін Жаман-Сарысу өзені арқылы көпірмен өтетін автокіре беріс жолын ағымдағы жөндеу бойынша тендерлік рәсімдерді аяқтады.  «СтройАльянсИнвест» ЖШС-мен осы жолды жөндеуге 65 млн теңге сомасына шарт жасалды.

Жол «ҚазТрансОйл» АҚ балансында болып табылады және жақын орналасқан елді мекен тұрғындарының жүріп өтуіне кедергі жоқ. Шартқа сәйкес мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын 2020 жылдың 30 қарашасына дейін орындайды», - деп мәлімдеді «ҚазТрансОйл» АҚ күрделі құрылыс және күрделі жөндеу департаментінің директоры Абай Иманғалиев.

Жаман-Сарысу өзені арқылы көпірмен өтетін жолдың жалпы ұзындығы – 3 652 м, жөндеуге арналған жол учаскесінің ұзындығы - 3 252 м.


Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді.  «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері  Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе,  Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және 
ішкі коммуникациялар департаменті

Реакция:
Серiктестер