KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 9 айдағы өндірістік қызметтің қорытындыларын шығарды

 26.10.2020    592
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды жеке тасымалдау және ауыстырып тиеу көлемі 2020 жылдың 9 айында 31 млн 742 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 1 млн 599 мың тоннаға аз. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың ММҚ жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 27 млрд 32 млн тонна-километрді құрады немесе өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 1 млрд 278 млн тонна-километрге аз.
Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 32 млрд 806 млн тонна-километрді құрады, бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд 471 млн тонна-километрге аз.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасындағы мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды жеткізу өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 1 млн 112 мың тоннаға төмендеп, 11 млн 391 мың тонна мұнайды құрады.
2020 жылдың 9 айында Атырау мұнай өңдеу зауытына 3 млн 643 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс»  ЖШС-на 3 млн 541 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауытына 3 млн 518 мың тонна, «Ақтау пластикалық массалар зауыты» ЖШС базасындағы битум зауытына 689 мың тонна жеткізілді.
Есептік кезеңде «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 278 мың тоннаға артып, 11 млн 84 мың тоннаны құрады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 8 млн 153 мың тонна тасымалданды, бұл 2019 жылғы ұқсас көрсеткіштен 95 мың тоннаға аз.
«Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 307 мың тоннаға төмендеп, 7 млн 904 мың тоннаны, КҚК-Қ ММҚ жүйесінде 912 мың тоннаға төмендеп, 472 мың тоннаны құрады.
«ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалану арқылы Ақтау портындағы танкерлерге мұнай құю 48 мың тоннаға артып, 1 млн 558 мың тоннаны құрады.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ның мұнай құбырлары жүйесі бойынша 11 млн 642 мың тонна тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 508 мың тоннаға аз. Жүк айналымы 10 млрд 610 млн тонна-километрді құрады, бұл 2019 жылдың осы кезңімен салыстырғанда 354 млн тонна-километрге аз.
«МұнайТас» ЖШС-ның мұнай құбыры бойынша 2 млн 351 мың тонна тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 133 мың тоннаға аз. Жүк айналымы 920 млн тонна-километрді құрады бұл 2019 жылдың осы кезңімен салыстырғанда.31 млн тонна-километрге аз.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ және «Petrotrans Ltd» компаниясы компанияларының тобы бойынша мұнай және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу көлемі 800 мың тоннаны құрады немесе 157 мың тоннаға артық.
«Магистральдық Суағызғы» ЖШС-ның Астрахань-Маңғышлақ су құбыры бойынша Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына тұщы суды беру көлемі 22 млн 286 мың текше метрді құрады (2019 жылдың 9 айымен салыстырғанда 41 мың текше метрге аз).

«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
 
Реакция:
Серiктестер