KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылдың 9 айында атмосфераға шығарындыларды 15%-ға төмендетті

 13.11.2020    997
2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында «ҚазТрансОйл» АҚ объектілерінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмендеді және 17284 тоннаны құрады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың рұқсаттарына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2020 жылға ластаушы заттар шығарындыларының лимиті 49786 тонна мөлшерінде белгіленген.

Мұнай айдау станцияларындағы атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көздері мұнай сақтау резервуарлары, мұнай құю және ағызу эстакадалары, мұнай жылыту пештері, қазандықтар болып табылады.

Тәуелсіз аккредиттелген зертханалар «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілеріндегі атмосфералық ауаның жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Есептер тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарға жіберіледі.

Атмосфералық ауаға теріс әсердің алдын алу және азайту үшін «ҚазТрансОйл«АҚ ластаушы заттардың шығарындыларын азайту бойынша іс-шараларды іске асыруда. Атап айтқанда, резервуарлық парктер понтондармен, газды теңестіретін жүйелермен, буды рекуперациялау қондырғыларымен жабдықталады. Қазандық қондырғыларын қайта құру жүргізілуде.

Понтон - тұрақты шатыры бар резервуардың ішіне орналастырылған және мұнайдың булануын болдырмау үшін резервуардың газ кеңістігінен мұнай бетін бөлетін өзгермелі құрылғы.

Газ теңестіру жүйесі - резервуарлар тобының газ кеңістігін понтонсыз стационарлық шатырмен жалғастыратын құбырлар жүйесі.

Буды рекуперациялау қондырғысы - белсендірілген көмір қабатындағы адсорбция технологиясы арқылы жеңіл көмірсутектердің бу ағынында ұшпа органикалық қосылыстарды жоюға арналған қондырғы.
Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды:«Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер