KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының жаңадан салынған үш құбыр учаскелерін іске қосу бойынша жұмыстарды аяқтады

 07.12.2021    1055
«ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлері жалпы ұзындығы 22 километр құбыр желісінің жаңадан салынған екі учаскесін «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырына және «Бейнеу» МАС мұнай жылыту пунктінің кіру және шығу коллекторының технологиялық құбырларымен салынған учаскесіне қосу бойынша жұмыстарды аяқтады.

Өндірістік инфрақұрылымның сенімділігін арттыру жөніндегі жұмыстар шеңберінде «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының 266,7 – 281,7 км, 283,7 – 290,7 км учаскелері ауыстырылды. Сондай-ақ, 322,4 км-дегі мұнай құбырына «Бейнеу» МАС мұнай қыздыру пунктінің кіру және шығу коллекторының қолданыстағы құбырларын ауыстырды.

Іс-шараларға Маңғыстау, Құлсары, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды мұнай құбыры басқармаларының 345 жұмыскері, сондай-ақ пайдалану департаментінің, «Мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының бас диспетчерлік басқармасының, «ҚазТрансОйл» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау және ТЖ департаментінің жұмыскерлері және 108 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, мердігер ұйымдардың 61 жұмыскері және  14 техника тартылды.

Құбыр учаскелерін қосу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін «Өзен» БМАС - Т.Қасымов атындағы МАС учаскесінде «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырын 72 сағатқа жоспарлы тоқтату жоспарланды. Барлық техникалық іс-шаралар өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарды сақтай отырып, мерзімінде орындалды.

«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының учаскелерін ауыстыру «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2021-2025 жылдарға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындалды.

«Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбыры қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа экпорттау  бойынша екінші орында. Мұнайды «Өзен –Атырау – Самара» мұнай құбыры және одан әрі «Транснефть» ЖАҚ жүйесі арқылы жеткізу Усть-Луга Балтық терминалына және Новороссийск Қара теңіз портына дейін жүзеге асырылады. 2021 жылғы 9 айда «Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы 9,3 млн тонна мұнай тасымалданды.
Санаттар: Компания өмірі,
Реакция:
Серiктестер