2021 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге 10,3 млрд теңге бағытталды. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2022 жылдың 19-шы мамырындағы шешімімен бір жай акцияға дивиденд мөлшері 26 теңгені құрады.
2021 жылдың қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 1 маусымдағы 00 сағат 00 минуттегі жағдай бойынша тіркелді.