KZTO 812,90 (-0,14)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 812,90 (-0,14)

«Теңіз-Новороссийск» магистральды мұнай құбырындағы жоспарлы жөндеу белгіленген мерзімде аяқталды

 15.07.2025    50

«ҚазТрансОйл» АҚ «Теңіз–Новороссийск» магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалын жоспарлы түрде уақытша тоқтатуға байланысты жұмыстарды сәтті аяқтады. Мұндай техникалық іс-шаралар құбыр мен сорғы станцияларындағы жабдық толық тоқтатылған жағдайда ғана орындалатын жұмыстарды жүзеге асыру үшін тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Жөндеу жұмыстары биылғы 9 шілдеде Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) Қазақстан Республикасы аумағындағы мұнай құбыры жүйесіне техникалық қызмет көрсету туралы «ҚазТрансОйл» АҚ пен «КҚК-К» АҚ арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес жүргізілді.

Техникалық жұмыстар барысында екі шарлы кран ауыстырылып, тағы екеуі жөнделді, ал бесеуінің герметикалығы тексерілді. Барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде және қатаң белгіленген мерзімде орындалды.

Аталған шараларға «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының 151 қызметкері, Атырау және Құлсары мұнай құбырлары басқармаларынан 10 маман, сондай-ақ 54 бірлік техника жұмылдырылды.

Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін «Теңіз–Новороссийск» магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау жедел түрде қайта жанданды.

Серiктестер