«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, ерен еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталды.
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев биылғы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі компанияның 25-жылдық мерейтойы аясында өтіп жатқанын атап өтті.
«Ширек ғасыр ішінде біздің компания үлкен технологияллық өзгерістер жасап күрделі жаңару кезеңінен өтті. Осы уақыт ішінде стратегиялық маңызды жобалар іске асырылды, мұнай құбырларының желісі кеңейтілді, мұнай тасымалдаудың жаңа бағыттары салынды, елдің мұнай өңдеу зауыттарына шикізат жеткізу көлемі ұлғайтылды, мұнай жүк ағындарын басқару цифрландырылды. Барлық осы жобалар мен нәтижелердің артында мұнайқұбыршылардың бірнеше буынының қажырлы еңбегі жатыр», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ басшысы.
Ол ұжымға қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс айтып, қызметкерлерге құрмет грамоталары, төсбелгі мен алғыс хаттарды табыс етті.
ҚР Энергетика министрінің алғыс хатымен «ҚазТрансОйл» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдай департаментінің директоры Асқар Қабылов және «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының бас диспетчерлік басқармасының диспетчері Тахир Бадретдинов марапатталды.
«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ төбелгісі «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің директоры Нұржан Күшжановқа табысталды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Құрмет грамотасына «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының SCADA сүйемелдеу және қолдау бөлімінің бастығы Шыңғыс Мақсұт ие болды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Тасымалдау департаменті директорының орынбасары Зарипа Қалыхбергенова, «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының бас диспетчерлік басқармасының диспетчері Ерік Әкімбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сондай-ақ, «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары орталық аппараттың 24 қызметкеріне салтанатты түрде табыс етілді.