KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ ақпан айында 20 мың тонна қазақстандық мұнайды Германияға тасымалдауды жоспарлап отыр

 06.02.2023    487

«ҚазТрансОйл» АҚ ақпан айында 20 мың тонна қазақстандық мұнайды Германияға тасымалдауды жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, «ҚазТрансОйл» АҚ ақпан айында 20 мың тонна көлеміндегі қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр.

2022-ші жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Реакция:
Серiктестер