KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2023 жылдың 1 тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды тасымалдау көлемі 10,3 млн тоннаны құрады

 26.04.2023    572
«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың I тоқсанының өндірістік қорытындысын шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ жеке магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 10 млн 348 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 591 мың тоннаға артық.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды тасымалдау көлемі 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 47 мың тоннаға азайып, 4 млн 301 мың тоннаны құрады. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 1 млн 393 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - 1 млн 285 мың тонна, «Павлодар мұнай - химия зауыты» ЖШС - 1 млн 467 мың тонна, «CASPI BITUM«БК» ЖШС-155 мың тонна жеткізілді.
 
«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2 млн 409 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткіштен 141 мың тоннаға артық.
 
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 2 млн 675 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішімен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық.
 
«Атасу-Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырына 2 млн 765 мың тонна мұнай ауыстырып тиелді. 2022 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда көрсеткіш 5 мың тоннаға артты.
 
«Каспий құбыры Консорциум-К» АҚ  жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 522 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткіштен 358 мың тоннаға артық.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ  барлық қуатын пайдалана отырып Ақтау портындағы танкерлерге мұнай құю 684 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 196 мың тоннаға артық.
 
Магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы бөлек
«ҚазТрансОйл» АҚ 8 млрд 308 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас көрсеткіштен 52 млн тонна-километрге аз.
 
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 4 млн 644 мың тонна тасымалданды, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 59 мың тоннаға аз. Жүк айналымы 4 млрд 199 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылдың 1 тоқсанындағы нәтижеден 71 млн тонна-километрге аз.
 
Мұнайды «МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры арқылы тасымалдау көлемі 1 млн 387 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 99 мың тоннаға артық. Жүк айналымы 40 млн тонна-километрге артып, 559 млн тонна-километрді құрады.
 
 «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ және «Petrotrans Limited» компаниясы компаниялар тобы бойынша есепті кезеңде мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 385 мың тонна құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93 мың тоннаға аз.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 10 млрд 693 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 67 млн тонна-километрге аз.
 
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры бойынша «Магистральды су ағызғы» ЖШС 6 млн 661 мың текше метр тұщы су берді, 2022 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда су жеткізу көлемінің ұлғаюы 162 мың текше метрді құрады.
 
 
«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесіне ие.  «Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының меншік иесі болып табылады.
 
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) – «ҚазТрансОйл» АҚ-тың еншілес ұйымы (100 %). БМТ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді тікелей иелену және басқару жүзеге асырылады.
 
«Қазақстан-Қытай құбыры»  ЖШС – «Кеңқияқ-Құмкөл» және «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырларына иелік ететін «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (50 %) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. (50%) бірлескен кәсіпорны.
 
«МұнайТас» ЖШС – «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған «ҚазТрансОйл» АҚ (51 %) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны.
 
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
 
 
Реакция:
Серiктестер