KZTO 819,00 (+0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (+0,24%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұтынушылар алдында есеп берді

 31.07.2023    690

 «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың 28 шілдесінде бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы мен реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және 2023 жылғы 1 жартыжылдықта тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп берді.

Аталған есеп «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 25 бабының 6-тармағы талаптарына сәйкес өткізілді.

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ мынадай салаларда табиғи монополия субъектісі болып табылады:

  • олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті және Қазақстан Республикасынан тыс экспорт мақсатында тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбырлар арқылы мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау қызметтері;
  • электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер;
  • жылу энергиясын өндіру, беру, және тарату жөніндегі қызметтер;
  • сумен жабдықтау және (немесе) су тарту жөніндегі қызметтер.

Есеппен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://kaztransoil.kz/ru/file-preview/?id=2127&sc=ART 

Реакция:
Серiктестер