KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралық аймағындағы «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының учаскелерін ауыстыру жұмыстарын аяқтады

 31.08.2023    557

«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының Ø720 мм 1190,4 – 1235,4 шақырымында жаңадан салынған құбыр учаскелерін және 1235 шақырымдағы қабылдау тапсыру бекетін қосу жұмыстарын жүргізді.

Жалпы ұзындығы 45 шақырым болатын құбырдың ауыстырылған учаскелерін қосу үшін «Атырау-Самара» учаскесінде «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырын 72 сағатқа тоқтату қажет болды. Барлық техникалық жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде орындалды.

Мұнай құбырының қайта жөнделген учаскелерін қосу жұмыстарына «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Павлодар мұнай құбырлары басқармаларының 188 қызметкері, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану бөлімінің және «ҚазТрансОйл» АҚ филиалының Мұнай тасымалдауды басқару орталығының бас диспетчерлік бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жұмыс барысында пайдаланылған техника саны 78 бірлік.

Жұмыс Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта жүргізілгендіктен, Атырау мұнай құбыры басқармасы «Транснефть-Приволга» АҚ-мен учаскені қосу бойынша жұмыс жоспарын келісіп, жұмысты орындау үшін мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінің режимін ескере отырып, арнайы техниканы көрші елдің аумағына өткізіп, оның жұмысын жүргізу үшін және  жұмыскерлер мен олардың құрал-жабдықтарын өткізу үшін барлық қажетті құжаттар рәсімделді. 

«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының учаскесін ауыстыру «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған бизнес-жоспарына сәйкес жүзеге асырылды және мұнайды сенімді және ақаусыз тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

«Атырау-Самара» мұнай құбыры қазақстандық мұнайдың әлемдік нарыққа экспорты бойынша екінші орында тұр. Мұнай «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы, одан әрі «Транснефть» ЖАҚ жүйесі арқылы Усть-Луганың Балтық терминалы мен Қара теңіздегі Новороссийск портына жеткізіледі. 2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ қазақстандық мұнайды «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы және одан әрі Германияға одан әрі жеткізу үшін Адамова Застава мұнай жеткізу пункті бағытында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы жеткізе бастады. Бұл ретте «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы, одан әрі Тоймазы-Омск-Новосибирск-2 (ТОН-2) мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-не жеткізіледі.

2022 жылы «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы барлығы 9 миллион 438 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданған.

Реакция:
Серiктестер