KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

Б. Жұмағалиев атындағы станцияда спорт алаңы ашылды

 05.12.2023    368

Жезқазған мұнай құбыры басқармасына қарасты Б. Жұмағалиев атындағы бас мұнай айдау станциясында спорт алаңы көпшіліктің пайдалануына берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне басқарма басшылығы мен станция ұжымы қатысты. 

– Станцияда осындай спорттық алаңның ашылуына қуаныштымыз. Біздің компаниямызда салауатты өмір салтын насихаттауға көп көңіл бөлінеді, ұстанған әлеуметтік саясатының бірі де сол. Жыл сайын барлық құрылымдық бөлімшелердің командалары қатысатын спартакиадалар өтіп тұрады. Бұл спорт алаңы болашақта сондай жарыстарға дайындалуға көп көмегін тигізеді деген үміттеміз. Компания басшылығына рахмет, - деп атап өтті ашылу салтанатында Жезқазған мұнай құбыры басқармасы бастығының орынбасары Ербол Искаков. 

Вахталық әдіс бойынша еліміздің әр облысынан келіп еңбек ететін мұнай құбыршылар үшін салынған спорт алаңы волейбол, шағын футбол және баскетбол ойнауға арналған. Жұмысшыларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау жоспары аясында жүзеге асырылған  істің игілігі де зор. Енді   мұнайқұбыршылар жұмыстан кейінгі бос уақыттарында таза ауада спортпен шұғылданып, денсаулықтарын құтайтуларына  барлық жағдай бар.  


– Станциямызда салынған спорт алаңына соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар пайдаланылған. Бүгін ашылу салтанатына куә болдық, бұл тарихи оқиға десек болады. Қазіргі күні елбасымыз да салауатты өмір салтын ұстануды әр адамның басты міндеті екенін жиі айтады.  Аталмыш спорт алаңы әріптестерімнің көңілінен шықты деп ойлаймын, - дейді   станция қоймашысы Ғазиз Тұрғамбеков. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер