KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ 550 мың тонна Ресей мұнайын Өзбекстанға транзитін жүзеге асыруды жоспарлап отыр

 26.01.2024    2024

2024 жылы Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзитінің көлемі жоспарланған 500 мың тоннадан 550 мың тоннаға дейін ұлғаяды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес қаңтар айында «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына 25 мың тонна Ресей мұнайын жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ресей мұнайын Өзбекстан Республикасына «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы тасымалдауды 2017 жылы бастаған. Транзит көлемі 2017 жылы 67,9 мың тоннаны, 2018 жылы 35,8 мың тоннаны құрады. 2019-2022 жылдары Ресей мұнайының Қазақстан Республикасы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиті жүзеге асырылмады. 2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Өзбекстан Республикасына 154,3 мың тонна Ресей мұнайын тасымалдады.

Реакция:
Серiктестер