KZTO 963,20 (+1,88)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 963,20 (+1,88)

Мәжіліс депутаты Атырау құбыры басқармасының ұжымымен кездесті

 12.01.2026    16

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Атырау мұнай құбыры басқармасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында депутат Парламентте қабылданған ҚР Құрылыс кодексі мен салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге кеңінен тоқталып, олардың негізгі бағыттары мен халық үшін маңызын түсіндірді. Сондай-ақ ол салықтық жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдау тетіктерінің қолданыстағы тәртібін баяндап, олардың азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы рөліне назар аударды.

Мәжіліс депутаты заңнамалық өзгерістердің азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Кездесуден кейін Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясына барып, өндірістік нысанның жұмысымен танысты. Ол технологиялық пештің қызметін, сондай-ақ резервуарлық парктің жұмыс істеу үдерісін көріп, өндірістік процестер, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау шараларына назар аударды.

Серiктестер