KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Fitch Ratings «ҚазТрансОйл» АҚ-тың рейтингін «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады

 25.06.2024    568
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың кредит қабілеттілігі дербес негізде («bbb») компанияның Қазақстандағы мұнай құбырларының ұлттық операторы ретіндегі үстем ұстанымын, еуропалық әріптестеріне қарағанда аз болжамды нормативтік базаға қарамастан ақша ағынының тұрақты қалыптасуын және күшті қаржылық бейінін көрсетеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың ағымдағы кредиттік рейтингі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингімен («BBB», «Тұрақты» болжамы) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас компаниясының рейтингісімен («BBB», «Тұрақты«болжамы) бір деңгейде.
 
Реакция:
Серiктестер