KZTO 819,00 (-0,10%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (-0,10%)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі А. Сәтқалиев масс-медиа қызметкерлері күніне орай құттықтау хатын жолдады

 01.07.2024    1101
Масс-медиа саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар басқармасының бастығы Меруерт Палмахановаға құттықтау хатын жолдады. «Сіз медиа саласының кәсіби маманы ретінде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және дамытуға үлес қосып, саладағы толағай табыстар мен зор жетістіктердің жаршысы болып келесіз», - делінген хатта.

Құттықтау хатын «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев компанияның жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар басқармасы өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, құттықтау хатын ресми түрде табыстады.


 
Реакция:
Серiктестер