KZTO 827,00 (+0,98%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 827,00 (+0,98%)

«ҚазТрансОйл» АҚ құрама командасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ спартакиадасында спорттың 11 түрінен 7 алтын медаль жеңіп алды

 15.08.2024    1535

Павлодарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еншілес ұйымдары қызметкерлерінің арасында жетінші спартакиада аяқталды. Спорттық дода Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен геолог ғалым, академик  Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері  спорттың 11 түрінен 7 бірінші орын иеленіп, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының спартакиадасына жолдама алды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау шарасына қатысты. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлеріне спорттық жетістіктері үшін алғыс білдіріп, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының спартакиадасында сәттілік тіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 70 қызметкері спорттың 11 түрінен жарысқа түсті. Олар: арқан тарту, қол күресі, асық ату, шағын футбол, волейбол, баскетбол, жүзу, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат және киберспорт.

Жарыс қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың  волейбол және баскетболдан ерлер командасы жүлделі бірінші орын иеленді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың волейболдан қыздар командасы екінші орыннан көрінді. Ал «ҚазТрансОйл» АҚ-тың футболшылар құрамасы болса үшінші орынды қанағат тұтты.

Жекелеген спорт түрлері бойынша да әріптестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды мұнай құбыры басқармасы өлшеу құралдарын тексеру учаскесінің жетекші инженері Валерий Аллаяров шахматтан жетінші мәрте чемпиондық атағын қорғап қалды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы өндірістік қызметтер көрсету базасының технологиялық құралдарды жөндеу және баптау учаскесінің техникалық диагностика жөніндегі инженері Сабина Умурзакова  тоғыз құмалақтан бірінші орын алды. «ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасы заң қызметінің заң кеңесшісі Ғалымжан Туленбаев болса ерлер арасында тоғызқұмалақтан өткен жарыста үшінші сатыдан көрінді.

Әйелдер арасында 65 келіден  жоғары салмақ дәрежесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы орталық химиялық зертханасының химиялық талдау зертханашысы Елена Буркальцева   алтыннан алқа тақты. Әйелдер арасында 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша «Батуми теңіз порты» ЖШҚ әкімшілік бөлімінің хатшысы Шорена Девадзе күміс медаль еншіледі. Ал ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының тауар операторы Әліби Несіпбаев екінші тұғырдан табылды. 80 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша  «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Жарбулов үшінші сатыға көтерілді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасына қарасты «Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының желілік құбыршысы Игорь Сорокин болса 40 жасқа дейінгі спортшылар арасында суда жүзуден бірінші орын алды.  Ал «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы күрделі құрылыс және күрделі жөндеу қызметінің инженері Алтынай Инташева 40 жасқа дейінгі әйелдер сапында екінші орында. «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету жөніндегі учаскенің жетекші инженері Ирина Филяева 40 жастан жоғары әйелдер арасында жүзуден өткен жарыста 400 метрлік қашықтықты бірінші болып бағындырды.

Үстел теннисінен өткен жарыста «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасы, «Құмкөл» БМАС қарасты «Құмкөл» ҚТП химиялық талдау зертханашысы Томирис Амангелді екінші жүлде иегері.

Баскетбол жарысында «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы электрхимиялық қорғаныс және жоғары вольттық желілер учаскесінің электр монтері Рустам Өтеген «Үздік қорғаушы» атанса, «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасы  магистральдық құбырларды пайдалану қызметінің қазандықтар паркінің инженері Мадияр Сакенов  шағын футбол жарысында «Үздік шабуылшы» деген атаққа лайық деп танылды. Ал «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы әкімшілік-шаруашылық қызметінің маманы  Дамир Аубакиров волейболдан «Үздік байланыстырушы» аталымының иегері.  

Биыл  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еншілес ұйымдары қызметкерлерінің   спартакиадасына 27 командадан 600-ден астам жұмысшы қатысты.

Реакция:
Серiктестер