KZTO 820,00 (+0,61%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 820,00 (+0,61%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының учаскесін қайта жаңартты

 24.09.2024    2160
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың Атырау мұнай құбыры басқармасында «Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырының 1173 шақырымында жаңадан салынған 782 метр құбыр учаскесін қайта қосу жұмыстары сәтті аяқталды. Өндірістік жоспар бойынша учаскені қосуға 72 сағат 00 минут бөлінді. Жоба аясында жүргізілген барлық техникалық жұмыстар еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік талаптарына сай уақытылы іске асырылды.

Жоспарлы жұмысқа 167 маман қатысты: оның ішінде 146-і компания қызметкері, 21 қызметкер - мердігер ұйым өкілі. Тартылған техника саны – 62. Магистральды мұнай құбыры бойындағы учаскенің құбырын ауыстыру жұмыстарына «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Павлодар мұнай құбыры басқармасы техникалық қолдау көрсетті.


Айта кетерлігі, «Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбыры учаскелерін жаңарту жұмысы компанияның инвестициялық бағдарламасы аясында атқарылды. Жобаның мақсаты мұнай тасымалының қауіпсіздігі мен тиімділігін үйлестіріп, іркіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ету.
Серiктестер