«ҚазТрансОйл» АҚ Б. Жұмағалиев атындағы бас мұнай айдау станцияда екі дизельдік сорғы қондырғысы орнатты.
Бұл қондырғылар штаттан тыс жағдайларда автономдық режимде мұнай айдауға мүмкіндік береді. Жүргізілген жұмыстардың негізгі мақсаты мұнай құбырын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және электр энергиясының ықтимал күтпеген ажыратуларынан туындаған ұзақ тоқтап қалу кезеңінде мұнайдың қатып қалуына жол бермеу, сондай-ақ мұнайды тасымалдау бойынша қызметтерді уақтылы және сапалы ұсынуға бағытталған.