«ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды мұнай құбыры басқармасына қарасты «Атасу» бас мұнай айдау станциясында өрт сөндіру жүйесінің реконструкциясы аяқталды. Бұл жүйе станцияның мұнай ағызу-құю эстакадасындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал өртті жедел сөндіруге арналған.
Реконструкция барысында жалпы сыйымдылығы 2000 текше метр болатын, өртке қарсы су қорын сақтауға арналған екі жерүсті РВС-1000 м³ резервуары ауыстырылды.
Жоба компанияның 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл іс-шара өндірістік нысандардың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Барлық жұмыстар бекітілген жобалық-сметалық және техникалық құжаттамаға қатаң сәйкестікте орындалды.