KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«КазТрансОйл» АҚ комплаенс саласында жоғары стандарттарды іске асырады

 22.11.2024    3049
«КазТрансОйл» АҚ-да комплаенс-бақылау қызметінің ұйымдастыруымен және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметі басшылығының қатысуымен компанияның Басқарма мүшелеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Іс-шараның негізгі тақырыбы корпоративтік комплаенс жүйесіндегі жоғары басшылықтың рөлі мен іскерлік этика мәселелерін талқылау болды.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық және этикалық аспектілері, «КазТрансОйл» АҚ-ның іскерлік этика кодексінің негізгі қағидаттары, сондай-ақ компания басшылығының антикоррупциялық стандарттарды сақтау жөніндегі рөлі мен жауапкершілігі жан-жақты қарастырылды.

Жоғары басшылықтың мұндай іс-шараларға қатысуы корпоративтік мәдениетті нығайтуға және ұйымдағы этикалық мінез-құлықтың жоғары стандарттарын сақтауға ықпал етеді.

«КазТрансОйл» АҚ комплаенс жүйесін дамытуға ерекше назар аударады және барлық қызметкердің, соның ішінде басшылықтың, кәсіби құзыреттілігін үнемі жетілдіруге ұмтылады. Іскерлік этика саласындағы тұрақты оқыту және осы бағытта білімін  арттыру компанияның корпоративтік стратегиясының маңызды бөлігі болып қала береді.
 
Реакция:
Серiктестер