Атырауда өткен жұмысшы жастар слетіне 100-ге тарта өңірдегі өнеркәсіп, өндіріс және көлік-логистика, мұнай-газ саласының жастары қатысты. Мақсат-жұмысшы мамандықтың беделін арттыру мен өндірістегі жастардың бір-бірімен қоғамдық жұмыста тәжірибе алмастыру. Бүгінде жұмысшы жастар арасында белсенділер қоғамдық жұмыстарға араласып, волонтерлік қозғалыстар мен бұқаралық спорт, инновациялық бастамаларға ұйытқы болып, өздерін көрсетіп жүр. Солардың арасында Атырау мұнай құбыры басқармасының жас мамандары да өз үлестерін қосуда. Слетке басқармадан 10 белсенді жас қатысып, жұмысшы жастардың белсенділігін арттырудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап өткен жөн, слетке Атырау мұнай құбыры басқармасы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Елдос Ибадильдин спикер ретінде қатысып, жастармен өз жұмыс тәжірибесі, өмірлік жолы туралы мотивациялық кездесу өткізді.