KZTO 803,70 (+0,02)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 803,70 (+0,02)

«ҚазТрансОйл» АҚ жұмысшы мамандары халықаралық байқауда үздік деп танылды

 22.08.2025    85
2025 жылғы 19-22 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Тюмень қаласында «Үздік маман – 2025» халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға бес елдің магистральдық мұнай құбыры компанияларының 33 өндірістік мамандығы қатысты. Олардың қатарында: Қазақстаннан – «ҚазТрансОйл» АҚ, Беларусьтен – «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ, Венгриядан – MOL Group, Қытайдан – China Oil & Gas Pipeline Network Corporation және Ресейден – «Транснефть» ЖАҚ өкілдері бар.
Байқауға біздің компанияның атынан өндірістік мамандықтар бойынша сегіз жұмысшы қатысты. 
Байқау теориялық және практикалық кезеңдерден тұрды. Сайыс қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қатысушылары өз номинациялары бойынша жүлделі орындарға ие болды:
«Мұнай айдау станциясының операторы» номинациясы бойынша I орын - Жандос Шакенбаев, Жезқазған мұнай құбыры басқармасының Б. Жұмағалиев атындағы БМАС операторы;
«Технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі» номинациясы бойынша IІ орын - Асланбек Қалабай, Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қамтамасыз ету базасының технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі;
«Желілік құбыршы» номинациясы бойынша IІ орын - Алтынбек Мұғиев, Атырау мұнай құбыры басқармасының апатты қалпына келтіру пунктінің желілік құбыршысы;
«Химиялық талдау зертханашысы» номинациясы бойынша IІ орын - Мақсат Бегалиев, Жезқазған мұнай құбыры басқармасының «Құмкөл» БМАС «Құмкөл» химиялық талдау зертханашысы;
«Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері» номинациясы бойынша IІ орын - Анатолий Хрипков, Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қамтамасыз ету базасының электромонтері;
«Электргазбен дәнекерлеуші» номинациясы бойынша IІ орын - Андрей Махорин, Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының «Атырау» желілік-пайдалану учаскесі АҚП электргазбен дәнекерлеушісі;
«Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі» номинациясы  III орын - Рахат Сарсек, Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі;
«Тауар операторы» номинациясы бойынша  III орын -  Шаяхмет Жеткізген, Атырау мұнай құбыры басқармасының Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясының тауар операторы.
Әріптестерімізді тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз және жауапкершілігі мен кәсібилігі үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан Республикасы мен «ҚазТрансОйл» АҚ халықаралық деңгейде лайықты бағаланды, ал біздің өндіріс қызметкерлерінің біліктілігі кеңінен танылды!
 
Серiктестер