Қалмық елінің Элиста қаласында 28 команда мен 600-ден астам қонақты жинаған Каспий Құбыр Консорциумының 13-ші жыл сайынғы Қауіпсіздік күні өтті. Бұл шарада елімізді «ҚазТрансОйл» АҚ және оның еншілес компаниясы – «Магистралды Су құбыры» ЖШС абыроймен таныстырды.
Көшбасшылар саммитінің қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ «Өндірістік қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында 1-орынды және «Мердігер ұйымдар қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға қосқан үлесі үшін» номинациясында 3-орынды иеленді.
Сонымен қатар, әріптестеріміз «Ұлы Дала эпосы» стиліндегі командалық сайыстарда да жарқын өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Өндірістік қауіпсіздік саласындағы еңбектеріңіздің лайықты бағалануы зор жетістік. Жеңіс құтты болсын!