KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлерінің еңбек ету жағдайын жақсартуда

 20.12.2024    203

Атырау облысында «ҚазТрансОйл» АҚ (51%) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-на қарасты
«Аман» мұнай айдау станциясында III іске қосу кешені пайдалануға берілді. Бұл кешеннің құрылысы «Қазақстан – Қытай» мұнай құбыры өнімділігін арттыру бағдарламасының «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбыры реверсі жобасы аясында жүзеге асырылды.

«Аман» мұнай айдау станциясындағы III іске қосу кешенінде өндірістік емес объектілер де орналасқан. Олардың ішінде әкімшілік ғимарат, 74 орындық жатақхана, асхана және спорт алаңы бар. Бұл нысандар вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау үшін берілді.



Оған қоса «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Екібастұз» мұнай айдау станциясында заманауи сервистік-тұрмыстық кешеннің құрылысын аяқтады. Жаңа кешенде асхана, инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған кеңсе бөлмесі, 35 орындық акт залы және демалыс бөлмесі бар. Барлық нысандар жиһаздармен және техникамен жабдықталған.

Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының «Әлібекмола» бас мұнай айдау станциясында 64 орындық үш қабатты жатақхананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Ғимаратты 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Бұл бастамалардың жүзеге асуы «ҚазТрансОйл» АҚ өз жұмыскерлеріне қолайлы жағдай жасап, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға басты назар аударатынының дәлелі. Компания жұмыскерлерінің өмір сүру сапасына ерекше назар аудара отырып, көмірсутегі ресурстарды сенімді және тиімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін нысандарын жаңартуды жалғастыруда.

Серiктестер