«KMG PetroChem» ЖШС шақыруы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ ЗжӘО филиалының директоры Сәбит Арынов бастаған «ҚазТрансОйл» АҚ делегациясы «Запсибтрансгаз» ЖШҚ (Нижневартовск қ., РФ) және «Сибуртюменьгаз» АҚ өндірістік нысандарын аралап, «Атырау облысындағы бірыңғай дәлізде магистральдық құбырлардың құрылысы жобасының» (этан, пропан) іске асырылуымен танысты.
Сапар «ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызмет көрсету аспектілерін «KMG PetroChem» ЖШС-мен бірлескен пысықтау шеңберінде және магистральдық құбырлар арқылы сұйытылған көмірсутектерді тасымалдау тәжірибесін зерделеу және алмасу мақсатында өтті.
Қатысушылар жаңадан салынған және салынып жатқан құбыр учаскелерінің трассасын ұшып өтті, өндірістік объектілердің инфрақұрылымымен танысты.
Мұндай жұмыс кездесулерін өткізу екі кәсіпорынның өзара іс-қимыл көкжиегін кеңейтудің және компаниялар арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтудың маңызды факторы болып табылады.