KZTO 797,00 (-0,62%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 797,00 (-0,62%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының №11 мұнай айдау стансасында өрт тактикалық жаттығу өткізілді

 19.02.2025    69
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Алакөл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының №11 мұнай айдау стансасының аумағында өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы ауқымды өрт тактикалық жаттығу өткізілді. Бұл жаттығу мұнай өнімдерінің резервуары өртенген жағдайда әрекет ету жоспарын пысықтап, барлық қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуін тексеруге бағытталды.



 


Жаттығуға Үшарал қаласының №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қатысып, 15 қызметкер мен 2 өрт сөндіру автокөлігі жұмылдырылды. Сонымен қатар, трассалық медициналық құтқару пункті, ҚР Қорғаныс министрлігінің №15701, №40398 және №01582 әскери бөлімдерінен 3 өрт сөндіру командасы автокөліктерімен тартылды. Жаттығу барысында Алакөл аудандық полиция бөлімі мен аудандық аурухананың жедел жәрдем қызметкерлері де белсене қатысты. Олар төтенше жағдай кезінде өзара үйлесімді іс-қимылдарды ұйымдастыру үшін арнайы дайындықтарды жүргізді.
 
Оқу жаттығуға №11 МАС аумағында қызмет көрсететін «Өртке қарсы қызмет - NOMAD» ЖШС-ның өрт сөндіру құрамасы да қатысты. Бұл құрам 2 өрт сөндіру автокөлігімен және арнайы жабдықтармен тартылды. Сонымен қатар, «Медикер-ПМ» ЖШС-ның және «Қасқыр - Security» ЖШС-ның қызметкерлері де жаттығуға қатысып, өздерінің арнайы дағдылары мен дайындықтарын көрсету үшін белгіленген тапсырмаларды орындады.
 
Осылайша, барлық қатысушылар әртүрлі сценарийлер бойынша әрекет етіп, төтенше жағдайларға дайындықтарын шыңдады.
 
Бұл оқу-жаттығу төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету, көмек көрсету және құтқару операцияларын жүргізудің тиімділігін арттыруға бағытталды. Барлық қызметтер мен ұйымдар өзара үйлесімді әрекет ету арқылы, қауіп-қатер жағдайларына жедел әрі сапалы жауап беру қабілетін арттыруға мүмкіндік алды.
 
Реакция:
Серiктестер