KZTO 797,00 (-0,62%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 797,00 (-0,62%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың Korea National Oil Corporation (KNOC) Қазақстандағы өкілдігімен кездесуі өтті

 19.02.2025    245

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма бастығы) Арман Қасенов «KNOC Caspian» ЖШС-нің (Korea National Oil Corporation (KNOC) Қазақстандағы өкілдігі) Бас директоры Чон Джесок мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзекті мәселелер мен одан әрі ынтымақтастықтың болашағы н талқылады. «ҚазТрансОйл» АҚ серіктестерін мұнай тасымалдау бойынша қызметтер ұсыну Біріңғай келісімшартына енгізілген өзгерістер және толықтырулармен таныстырды. Сол секілді Қоғамның жаңа қызметі, яғни Қазақстан Республикасы құбыр жүйелері бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдауды ұйымдастыру туралы ескертті. Ол жүк жөнелтушілерге «бір терезе» қағидатымен жүк қабылдаушыларға мұнай жеткізу бойынша барлық қызметтер кешенін пайдамен алуға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі компанияның қарым-қатынасы өзара түсіністік пен серіктестік негізінде жүзеге асырылатынын атап өтті.

Серiктестер