«Батуми теңіз порты» ЖШҚ және «ҚазФосфат» ЖШС Батуми теңіз порты арқылы аммофос жүк айналымының көлемін ұлғайту туралы келісімге келді.
Тараптар «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-ның өндірістік қуатын барынша пайдалану, екіжақты байланыстарды кеңейту және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ортақ мүдделілікті ескере отырып, Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Батуми теңіз портынан қазақстандық аммофос экспорты алғаш рет 2025 жылдың ақпан айында жүзеге асырылды. Бұл минералды тыңайтқышты Батумиге жеткізу үшін мультимодальды тасымалдау әдісі қолданылды.
2025 жылы «Батуми теңіз порты» ЖШҚ «ҚазФосфат» ЖШС өндірген аммофостың 50 мың тоннаға дейінгі көлемін ауыстырып тиеуді жоспарлап отыр.
_____________________________________________________________________________
«ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етеді және басқарады. «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ «Батуми теңіз порты» ЖШҚ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% акцияларын басқаруға айрықша құқықтарға ие.