KZTO 802,83 (-0,26%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 802,83 (-0,26%)

Мұнай-газ саласындағы әйелдердің еңбегі лайықты бағаланды

 12.03.2025    40
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов мұнай-газ саласындағы табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандарында қызмет ететін әйелдерді алғыс хат және естелік белгімен марапаттады. Іс-шара 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылды.
Шымкент мұнай құбыры басқармасына қарасты «Шымкент» қабылдау-тапсыру пунктінің химиялық талдау зертханашысы Рабия Дарханбаева алғыс хат иегері атанды. Сондай-ақ Атырау мұнай құбыры басқармасындағы Т. Қасымов атындағы МАС қосалқы тауарлық суларды биотазарту кешенінің суды химиялық тазалау аппаратшысы Бибігүл Қызылбаева мен Павлодар мұнай құбыры басқармасына қарасты «Павлодар» БМАС-та еңбек ететін химиялық талдау зертханашысы Асылжан Касимоваға естелік белгі табыс етілді.


 
 


Олар өз саласында жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытып, мұнай өнімдерінің сапасын бақылауға сүбелі үлес қосты.

Өз кезегінде марапат алған әйелдер биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында олардың елеулі еңбегін елеп, жетістіктерін бағалаған басшылыққа дән ризашылықтарын білдірді. 
 
Реакция:
Серiктестер