KZTO 804,50 (-0,92%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 804,50 (-0,92%)

Батуми теңіз порты жаңа дизельдік электр станциясын орнатты және сәтті сынақтан өткізді

 07.03.2025    56

2025 жылдың ақпанында Батуми теңіз порты заманауи дизельдік электр станциясын (ДЭС) сәтті іске қосты.

Жаңа ДЭС қуаттылығы 2500 кВт болатын, автоматты резервтік қосу жүйесімен (АРҚЖ) жабдықталған және ол қуаттылығы 1100 кВт 1989 жылғы ескі дизельдік электр станциясының орнына қойылды. Орнатылған дизельдік электр станциясы бірқатар инновациялық сипаттамаларға ие, олар кәсіпорында энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі мен тиімділігін едәуір арттырды:

  • пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігі;
  • энегрияға деген қажеттілікті толық өтеу;
  • зиянды заттардың шығарындыларының төмен деңгейі;
  • үнемділік;
  • жоғары пайдалы әрекет коэффициенті;
  • өндірілетін кернеудің тұрақтылығы;
  • автоматты резервтік қосу жүйесінің болуы;
  • шу деңгейі төмен  және тағы басқа.

Заманауи ДЭС-тің іске қосылуы Батуми теңіз портының жоғары автономиялылығы мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Энергиямен жабдықтау кезінде үзілістер болған жағдайда, Батуми теңіз порты өзінің қызметін тоқтатпай жалғастырады, бұл барлық процестердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді және тәуекелдерді азайтады.
Осылайша, Батуми теңіз портының инфрақұрылымын жаңғырту және энергетикалық қамтамасыз етудің тұрақтылығын арттыру бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды.

Реакция:
Серiктестер