KZTO 800,50 (+0,19%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 800,50 (+0,19%)

Шымкент мұнай құбыры басқармасында тасқын суға қарсы оқу-жаттығулар өтті

 25.02.2025    61
Шымкент мұнай құбыры басқармасының бөлімшелері «Табиғи апаттар кезіндегі персоналдың әрекеті. Үлкен су тасқыны, су басу» тақырыбында апатқа қарсы оқу-жаттығу өткізді. Жаттығуға ТАҚП (тірек апаттық қалпына келтіру пункті), ЭХҚ (электрохимиялық қорғаныш) және ӘЖ (әуе желілері) учаскелері мен АБЖ (автоматты басқару жүйесі) учаскесінің қызметкерлері қатысты.



Апаттық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – су тасқыны жағдайларында материалдар мен жабдықтарды, техниканы қолдану бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру. Аталған іс-шараға АҚП-ның 15 бірлік автокөлігі мен арнайы техникасы жұмылдырылды.

Апатқа қарсы оқу-жаттығу Шымкент мұнай құбыры басқармасының бас инженерінен »Павлодар – Шымкент» магистральдық мұнай құбырының №83 желілік ысырма (ЖЫ) қорғаныс үйіндісінің шайылуы анықталды» деген бастапқы ақпарат түскеннен кейін басталды. Жаттығу барысында басқарманың бөлімшелері өзара үйлесімділік танытып, жүктелген міндеттерді сәтті орындады. Оқу-жаттығу өз мақсатына жетті.
 
Реакция:
Серiктестер