KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«ҚазТрансОйл» АҚ мен Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

 30.04.2025    118

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Арман Қасенов пен Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының (ХМТҚ) атқарушы директоры Силард Седлар кездесіп, өзара ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдан бері ХМТҚ-ның мүшесі болып табылады. Қауымдастық Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Венгрия және Сербияның ірі мұнай тасымалдаушы компанияларын біріктіреді. ХМТҚ-на мүше болу компаниямыз үшін стратегиялық маңызға ие,  бұл мұнай тасымалдау саласында әлемдік деңгейдегі тәжірибе алмасуға, өзара ықпалдастықты дамытуға мұмкіндік беретін кәсіби платформа болып табылады.

Кездесу барысында тараптар қауымдастық шеңберінде стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері мен бірлескен бастамаларды одан дамыту ниетін бекіте түсті.



Серiктестер