KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«Жер қойнауын пайдаланушылар үшін бірыңғай терезе»: «ҚазТрансОйл» АҚ еліміздің мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнай тасымалдау қызметтерін цифрлық форматқа көшіруде

 03.05.2025    131
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы — «ҚазТрансОйл» АҚ тұтынушылармен өзара іс-қимыл жүйесін енгізу бойынша жобасын таныстырды. Oil Transportation Management KazTransOil (OTM KTO) деп аталатын жаңа цифрлық жүйе арқылы мұнай тасымалдау қызметтерін ешқандай делдалсыз, жылдам әрі ашық түрде алуға болады.

Жаңа жүйе арқылы өтінім беру, есеп айырысу процестері толықтай онлайн-форматқа көшіріледі. Жер қойнауын пайдаланушылар енді бірнеше құрылымдық бөлімшелермен байланыспай-ақ, барлық кезеңнен бірыңғай цифрлық интерфейс арқылы өте алады. Бұл қызмет көрсету мерзімін едәуір қысқартып, жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді.

Цифрлық жүйе мыналарды қамтиды:
 ➤ мұнай тасымалдауға өтінімдерді автоматты түрде беру;
 ➤ ҚР Энергетика министрлігінің Oil Transportation Management жүйесімен интеграция;
 ➤ жер қойнауын пайдаланушылармен автоматтандырылған жүйе арқылы ақпарат алмасу;
 ➤ Энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын есептеу және қалыптастыру.

Жобаның негізгі артықшылықтары:
 ➤ құжаттарды рәсімдеу мен өңдеуге кететін уақытты мейлінше азайту;
 ➤ адами фактордың ықпалын қысқарту;
 ➤ тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру.

Қазіргі уақытта жобалау кезеңі аяқталды: пайдаланушы интерфейстері әзірленіп, бизнес-модельдер құрылды, ақпараттық қауіпсіздік тетіктері бапталып, OTM жүйесімен интеграция ретке келтірілді.

Жүйені 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап өндірістік пайдалануға енгізу жоспарлануда. Бұл жоба «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының цифрлық трансформациясы аясында жүзеге асырылып, еліміздегі мұнай тасымалдау инфрақұрылымының заманауи және тұтынушыға бағдарланған моделін қалыптастыруға ықпал етеді.





Серiктестер