KZTO 878,98 (+0,11)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 878,98 (+0,11)

«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында мектеп оқушылары мен студенттер үшін «Дублер күні» өтті

 28.05.2025    54
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында мектеп оқушылары мен студенттерге арналған республикалық кәсіби бағдар беру жобасы – «Shadow Day — Дублер күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастарды өндірістік ортамен таныстыру және болашақ мамандықтардың қыр-сырын көрсету.
 
Қатысушыларды «ҚазТрансОйл» АҚ-ның әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов қарсы алды. Компанияның қызметімен қатысушыларды тасымалдау департаментінің директоры Исламдаут Акубаев пен пайдалану департаменті директорының орынбасары Бауыржан Ізтелеуов жан-жақты таныстырды.
 
Іс-шара аясында қатысушылар бас диспетчерлік басқармаға барып, Қазақстанның барлық аумағында мұнай тасымалдауды басқару жүйесі қалай жүзеге асырылатынын өз көздерімен көрді. Олар жоғары технологиялық процестермен танысып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, компания жұмысының ауқымы мен маңыздылығы туралы толық түсінік алды.
 
Экскурсиядан кейін қатысушылар өздерінің мүдделеріне сәйкес кәсіби бағыттар бойынша бөлінді. Бұл оларға жұмыс процестеріне тереңірек үңілуге, таңдалған мамандықтардың ерекшеліктерін зерттеуге және сала мамандарымен сөйлесуге мүмкіндік берді.
 
«Дублер күніне» 15 адам қатысты. Олардың қатарында инженерлік және техникалық мамандықтарға қызығушылық танытатын оқушылар, дәнекерлеуші және электр жабдықтары мамандықтары бойынша оқитын колледж студенттері, сондай-ақ мұнай-газ саласы, мұнай инженериясы, химиялық технология саласында білім алатын жоғары оқу орны студенттері бар.
 
Дублер күні студенттер мен оқушыларға өндірістік тәжірибемен тереңірек танысып, мұнай-газ саласына деген қызығушылықтарын арттыруға және өз кәсіби бағыттарын нақты анықтауға мүмкіндік берді.



Реакция:
Серiктестер