«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері III Charity Samruk Marathon аясында өткен қайырымдылық марафонына белсене қатысып, жоғары белсенділік танытты. Шараға орталық аппараттан 20-ға жуық қызметкер қатысты.
Компания ұжымы бұл бастаманы тек денсаулықты нығайтудың және салауатты өмір салтын насихаттаудың ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асырудың маңызды құралы ретінде қабылдады. Қайырымдылыққа үлес қоса отырып, «ҚазТрансОйл» өкілдері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, корпоративтік хатшы Айрат Шманов 10 шақырымдық қашықтықта екінші орын алып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Марафонға қатысу – ұжымдық рухты нығайтып, әлеуметтік маңызы бар жобаларға қолдау білдірудің жарқын үлгісі болды.