KZTO 799,99 (-8,99)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 799,99 (-8,99)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылға арналған интеграцияланған менеджмент жүйесінің қызметі бойынша қорытынды шығарды

 28.05.2025    62

«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2024 жылға арналған интеграцияланған менеджмент жүйесінің (бұдан әрі – ИМЖ) жұмыс істеуін талдау бойынша Қоғам басшылығы тарапынан кеңес өткізді. Кеңес Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор, Қоғамның ИМЖ жөніндегі басшылық өкілі Исаков Жайдарман Әзімханұлының төрағалығымен өтті.

Кеңеске Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ Қоғамның сапа, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экология, энергия менеджменті және басқа да қызмет бағыттары бойынша мамандары қатысты.

Жиынның мақсаты — Қоғамның стратегиялық бағытына сәйкес келуін, тұрақты жарамдылығын, жеткіліктілігін және тиімділігін қамтамасыз ету үшін ИСМ-ді талдау болды.

Кеңес қатысушыларына 2024 жылға арналған, халықаралық стандарттар ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 18001:2018, ISO 50001:2018 талаптарына сәйкес және Қоғамның ИМЖ жүйесіне біріктірілген қызметі туралы есептер таныстырылды:

  1. Сапа менеджменті жүйесі
  2. Экологиялық менеджмент жүйесі
  3. Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджмент жүйесі
  4. Энергетикалық менеджмент жүйелері

Жоғарыда аталған есептер бойынша келесі мәселелер:

  1. Компанияның негізгі қызмет бағыттары бойынша көрсеткіштердің талдауы;
  2. Сапа, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экология және энергетикалық менеджмент салалары бойынша қойылған мақсаттардың орындалуы;
  3. Мүдделі тараптардың қанағаттану деңгейінің бағалануы;
  4. ИМЖ-нің ішкі және сыртқы аудит нәтижелері;
  5. Қоғамның ИСМ нәтижелілігіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды, мүдделі тараптардың талаптары мен күтілімдері, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау;
  6. Қоғамның ИСЖ-сін жетілдіруге арналған ұсыныстар қарастырылды.

Кездесу барысында барлық менеджмент жүйелерінің халықаралық стандарттар мен компанияның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жұмыс істегені атап өтілді. Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға, денсаулықты сақтауға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жалпы қызметтің нәтижелілігін арттыруға бағытталған негізгі шаралар жүзеге асырылды.

Есеп қортындысы бойынша 2025 жылға арналған ИМЖ-сін жетілдіруге және компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басымдықтар айқындалды.


Реакция:
Серiктестер