KZTO 854,50 (-0,98)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 854,50 (-0,98)

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ атмосфераны ластаушы шығынды заттарды 6,9%-ға азайтты

 15.05.2025    193

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ атмосфераны ластаушы шығынды заттарды 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,9%-ға азайтты. Жалпы, 2019-2024 жылдар аралығында шығарындылар көлемі 38,75%-ға қысқарған. Бұл нәтижелерге өндіріс орындарын жаңғырту, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу және экологиялық таза шешімдерді пайдалану бойынша жүйелі жұмыстың арқасында қол жеткізілді.

Атап айтқанда, шығарындыларды азайту бойынша келесі шаралар жүзеге асырылды:

  • резервуар паркін понтондармен және шағылыстырғыш дискілермен жабдықтау;
  • қазандықтарды сұйық отыннан табиғи газға және электр энергиясына көшіру.

Негізгі іс-шаралардың қатарында Атырау мұнай құбыры басқармасының Т. Қасымов атындағы МАС-тағы 20 мың м³ көлемдік мұнай сақтайтын №10 және №12 резервуарларға понтондар орнату, сондай-ақ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының Б. Жұмағалиев атындағы БМАС-тағы 20 мың көлемдік м³ №1 және №2 резервуарларға понтондар орнату болды.

Сонымен қатар, понтондарды ауыстыру жұмыстары жүргізілді: Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Ақтау» БМАС-та – сыйымдылығы 5 мың м³ №3, №5 резервуарларда және Қарағанды ​​мұнай құбыры басқармасының Атасу БМАС-та – сыйымдылығы 20 мың м³ №1, №3, №4 және № 5 резервуарларда.

2025 жылы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының Б. Жұмағалиев атындағы БМАС-та5ы №3, №4 20 мың м³ көлемдік резервуарларды қайта құру жалғасуда, оның аясында понтондарды орнату жұмыстары, басқа да техникалық іс-шаралар жүргізіледі.

Понтон - резервуардың ішіне оның бекітілген шатырының астына орналастырылған қалқымалы құрылғы. Ол мұнайдың бетін газ кеңістігінен оқшаулайды, булануды болдырмайды.

2025-2030 жылдарға арналған жоспарларының бір бөлігі ретінде компания шығарындыларды тағы 15%-ға азайтуды көздеп отыр. Бұған энергия тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға бағытталған экологиялық тиімді технологиялар мен шараларды жалғастыру арқылы қол жеткізу көзделген.

Бұл шаралар мұнайдың булануын азайтуға, ауаның ластануына жол бермеуге және компанияның өндірістік нысандарында жалпы экологиялық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Компания барлық экологиялық стандарттар мен ережелердің сақталуына кепілдік беретін тәуелсіз зертханалар мен уәкілетті органдарға мәліметтерді ұсына отырып, өз нысандарында жүйелі экологиялық мониторингті жалғастыруда.

Серiктестер