«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылдың I жартыжылдығындағы өндірістік қызметтің қорытындыларын шығарды. Есептік кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 22 млн 268 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейге сәйкес келеді.
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары арқылы 8 млн 999 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Атап айтқанда:
-«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – 2 млн 816 мың тонна,
-«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС – 3 млн 051 мың тонна,
-«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС – 2 млн 873 мың тонна,
-«CASPI BITUM» БК» ЖШС – 260 мың тонна мұнай.
«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі арқылы тасымалданған мұнай көлемі 5 млн 053 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың
I жартыжылдығымен салыстырғанда 4%-ға артық. Оның ішінде Германияға одан әрі жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ мұнай құбырлары жүйесіне тасымалданған қазақстандық мұнай көлемі 926 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 45%-ға көп.
Қазақстан аумағындағы ТОН-2 мұнай құбыры учаскесі арқылы 5 млн 847 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға жоғары.
Ақтау теңіз портында «ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалана отырып, танкерлерге
1 млн 784 мың тонна мұнай құйылды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 5%-ға артық. Оның ішінде 785 мың тонна мұнай «Баку – Тбилиси – Джейхан» бағыты бойынша жөнелтілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесін бөлек алғандағы бағыт бойынша мұнай жүк айналымы 17 млрд 541 млн тонна-шақырымды құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 2%-ға жоғары.
2025 жылдың I жартыжылдығында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу бойынша шоғырландырылған көлемі 23 млн 074 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне сәйкес келеді.
2025 жылдың I жартыжылдығында шоғырландырылған мұнай жүк айналымы 22 млрд
467 млн тонна-шақырымды құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға ұлғайды.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері және газды ауыстырып тиеу көлемі 805 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмен. Көрсеткіштің төмендеуіне бірқатар жөнелтілімдердің кейінге қалдырылуы себеп болды.
2025 жылдың I жартыжылдығында «Қазақстан–Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 9 млн 609 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Мұнай жүк айналымы 8 млрд 583 млн тонна-шақырымды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға өсті.
2025 жылдың I жартыжылдығында «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС мұнай құбыры арқылы 2 млн 910 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Мұнай жүк айналымы 1 млрд 244 млн тонна-шақырымды құрап, 11%-ға өсті.
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбыры арқылы «Магистральды Су құбыры» ЖШС 12 млн 578 мың текше метр тұщы су жеткізді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға аз.
«ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты даму жүйесін жетілдіру және компанияның, сондай-ақ оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының тиімді қызметін қамтамасыз ету бойынша стратегиялық мақсаттарын дәйекті түрде іске асыруда.