Алматыда «ҚазТрансОйл» АҚ, қытайлық Sino-Pipeline International (SPI) компаниясының, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) және «МұнайТас» СБҚК» ЖШС өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Қатысушылар бірлескен жобалар аясындағы қазіргі және келешектегі ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Келіссөздер барысында тараптар активтерді басқару, ішкі бақылау, аудит, комплаенс-менеджмент мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ өндірістік қызмет аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын қарастырды.
Тараптар ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, «Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбыры жүйесін дамыту жобасы аясындағы біріккен жұмысты тиімділік, ашықтық және өзара ұтымдылық қағидаттары негізінде жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.