KZTO 803,50 (-0,19)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 803,50 (-0,19)

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының Спартакиадасы жеңіспен басталды

 08.08.2025    64

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында мерейтойлық Х Спартакиада бастау алды. Жұмысшы мамандықтар жылына арналған бұл спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, корпоративтік рухты нығайту және еңбек ұжымдары арасындағы байланыстарды дамыту.

Спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен мыңнан астам қызметкер қатысуда. Олар 14 спорт түрі бойынша сынға түседі.

«ҚазТрансОйл» АҚ атынан 38 спортшы қатысып жатыр. Бұған дейін компания командасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Спартакиадасында жалпыкомандалық бірінші орынды иеленген.

Бүгін басталған Спартакиаданың алғашқы күнінде -ақ біздің команданың қоржынына алғашқы жеңіс түсті. Садақ ату сайысында Маңғыстау МҚБ «Жетібай» мұнай айдау станциясының технологиялық қондырғылар операторы Қаракөз Қилыбаева 1-орынды иеленді.

Компания жүйесінде 1992 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан әріптесіміз небәрі бір жыл бұрын садақ атумен айналыса бастағанына қарамастан, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.

«ҚазТрансОйл» АҚ командасына алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз!

Реакция:
Серiктестер