KZTO 805,98 (-0,37)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 805,98 (-0,37)

«ҚазТрансОйл» қызметкерлері Құрылыс күніне орай алғыс хаттарға ие болды

 12.08.2025    37

Құрылыс күніне орай «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ біздің компания қызметкерлерін жоғары кәсібилігі мен құрылыс бағытын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттармен марапаттады.

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметі құрылыс саласымен тікелей байланысты. Жыл сайын өндірістік нысандар жаңғыртылады, жаңа магистральдық мұнай құбырлары, резервуарлық парктер, әкімшілік ғимараттар және өзге де инфрақұрылым элементтері салынады. Бұл жобалар мұнайды тұрақты және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етіп, бүкіл жүйенің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

Осы жылы марапатқа ие болған қызметкерлер:

  • Имашев Берік Қылышұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының Күрделі құрылыс және күрделі жөндеу қызметінің бастығы.
  • Алияқпаров Даурен Мақсұтұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының Күрделі құрылыс және күрделі жөндеу қызметінің инженері.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз, жаңа табысты жобалар мен кәсіби жеңістер тілейміз!

Реакция:
Серiктестер