KZTO 809,00 (+0,68)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 809,00 (+0,68)

Мұнай құбырынан промо-финалға дейін: павлодарлық әріптесіміз ұлттық құрама сапында

 12.08.2025    17

Қазақстанның жағажай футболы бойынша ұлттық құрамасы Euro Beach Soccer League 2025 турнирінің промо-финалына шықты. Команда топтық кезеңде Румыния, Норвегия және Мальта құрамаларын жеңді. Ұлттық құрама сапында – «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесары Дастамиден Дагиев.

Біздің әріптесіміз – көп жылдық тәжірибесі бар қақпашы, павлодарлық «Арман» командасының құрамында 15 рет Қазақстан чемпионы атанған. Ол бірнеше жылдан бері халықаралық турнирлерде ұлттық құраманың қақпасын қорғап, жұмысын кәсіби спортпен табысты ұштастырып келеді.

Промо-финалда қазақстандықтар элиталық дивизионға жолдама үшін бақ сынайды.

«Біздің құрамда Павлодардан — жеті, Семейден — екі, Қонаевтан — екі және Тараздан — бір ойыншы бар. Біз үшін бұл жай ғана спорт емес, абырой мен жауапкершілік», — деді Дастамиден.







Реакция:
Серiктестер