KZTO 809,95 (+0,18)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 809,95 (+0,18)

Жайық өзенінің суасты құбырлары өткеліндегі оқу-жаттығу

 14.08.2025    33
Бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы мен Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының қызметкерлері  «Апат» тақырыбында Жайық өзені арқылы өтетін магистральдық мұнай құбырының суасты өткелінде оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – «мұнай төгіндісін локализациялау және жинау» жұмыстарын ұйымдастыру мен персоналды жаттықтыру және оқыту, біліктілігін арттыру, осындай жұмыстарды жедел орындауға дайындықты тексеру, сондай-ақ Атырау мұнай құбыры басқармасы мен Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының бірлескен әрекетін қамтамасыз ету.

Қатысушылар шартты апат туралы барлық атсалушысы қызметтерге хабарлау алгоритмін, авариялық-құтқару бригадасын, өрт сөндіру қызметін және медицина қызметкерлерін шақыруды жедел орындады. Нұсқаулықтан өткен соң «мұнай төгіндісін локализациялау және жинау» жұмыстарын дереу орындауға кірісті.

Сонымен қатар, «мұнай дақтарының» жағалау аймақтарына таралуын шектеу, оны локализациялау, кейіннен жиналған «мұнайды» тасымалдау жұмыстары жедел әрі үйлесімді түрде жүргізілді.

Оқу-жаттығулар толық көлемде және регламентте белгіленген мерзімде өткізілді.
 

Реакция:
Серiктестер