KZTO 803,70 (+0,02)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 803,70 (+0,02)

«Магистральды Су құбыры» ЖШС ұжымымен кездесу

 22.08.2025    33

«ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов «Магистральды Су құбыры» ЖШС еншілес компаниясының ұжымымен бірқатар кездесу өткізді.  

20 тамызда «Магистральды Су құбыры» ЖШС басқарма кеңсесінде 60-тан астам қызметкердің қатысуымен, ал 21 тамызда Атырау облысы Құрманғазы ауданында орналасқан «Қиғаш» бас су айдау стансасының ұжымымен 100-ден астам қызметкердің қатысуымен жиындар өтті.

Кездесулер барысында Ғ.Қошанов «ҚазТрансОйл» АҚ кадрлық және әлеуметтік саясатының негізгі ережелерін түсіндіріп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральды Су құбыры» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесіне ие. Кәсіпорын «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының иесі болып табылады, ол арқылы Қиғаш өзенінің тұщы суы Атырау және Маңғыстау облыстарының бірқатар елді мекендеріне жеткізіліп, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңірдегі өнеркәсіптің қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Реакция:
Серiктестер